Оқушылар еңбекке баулу пәнінде ЖИ қолдана бастады
Түркістандағы келешек мектептің оқушылары жасанды интеллекттің игіліктерін еңбекке баулу пәнінде қолдана бастады. Олар 3D модельдеу арқылы киім бөліктерін әзірлеп, заманауи технологияны тәжірибеде қолдануды үйреніп жүр. Бұл тәсіл оқушылардың цифрлық сауатын арттырып, түрлі салада қолдануға жол ашады, – дейді ұстаздар. Толығырақ әріптесім Шұғыла Ғалиқызы баяндайды.