Облыс әкімі газ қазандықтарын құрастыратын жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты

18
06.08.2026 19:50

Нұралхан Көшеров Кентауға жұмыс сапары барысында «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы газ қазандықтарын құрастыратын жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысты. Жылына 30 мың дана өнім шығаратын зауыт өз тауарларын бүгінде ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдеріне экспорт жасап отыр. Бұл өндіріс Кентаудың индустриялық әлеуетін арттырып, өңірдегі инвестициялық жобалардың нәтижесін айқындай түсуде. Жұртшылықпен  кездесу барысында өңір басшысы аймақта алып өндіріс орындары жоқ екенін атап, оның есебінен шағын орта бизнесті дамытып, мүмкіндік болған жағдайға аймаққа инвестицияны молынан тарту керектігін айтты