Шымкентте партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына 57 орын белгіленіп, сайлаушылармен кездесу өткізуге 10 алаң әзірленді. Саяси науқанда 710 мыңға жуық шымкенттік өз таңдауын жасайды. Бұл – қала халқының 54,2 пайызы. Өткен жылмен салыстырғанда сайлаушылар саны 14 мың 632 адамға артқан. Науқанның әділ әрі ашық өтуі үшін халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты. Жалпы, сайлау комиссияларының құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері енгізілген.
️