Зайырлылық – қоғамның басты қағидаты

20
04.08.2026 19:30

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қоғамды екіге жарып, түрлі пікірталас тудырған бейнежазбалар жиі талқыланып жүр. Мамандар мұндай жағдайда жеке көзқарасты қоғамға күштеп таңу, азаматтарды жынысына, кәсібіне немесе өмірлік ұстанымына қарай алалау елдік құндылықтар мен қоғамдық әдепке қайшы екенін айтады. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан елде барлық азаматтың құқығы Конституциямен қорғалады және заң алдында бәрі тең. Мемлекет әркімнің ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік береді. Сонымен қатар ешкімнің өз көзқарасын өзгелерге міндеттеуге немесе өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою арқылы қоғамды жікке бөлуіне жол берілмеуі тиіс.