Биыл Түркістан облысындағы 100 ауыл мектебінде жаңа пән кабинеттері жасақталады. 300-ден астам заманауи сыныптарды құруға еліміздегі «Қазақстан халқына» қоры арқау болмақ. Игі іс «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы аясында жүзеге асуда. Бұдан бөлек, қор арқылы өңірдегі белсенді оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп, түрлі лагерлерге жолдама алған. Жалпы 2022 жылдан бері Түркістан облысына «Қазақстан халқына» қоры арқылы 12 млрд теңгеден астам қаражат қайырымдылыққа жұмсалған. Оның ішінде 5,3 млрд теңге қаржы білім беру саласына бөлініп, 5 ірі жоба сәтті іске асырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтаумен қатар, білім гранттарына да басымдық берілген.
️