Түркістанда ауылшаруашылығы тауары өндірушілерге арналған маңызды жиын өтті. Басқосудың басты мақсаты фермерлерге мемлекеттік жеңілдетілген несиелік бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстыру. Сондай ақ, асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларының шарттары айтылды. Кездесуде сала сарапшылары шаруаларға несие алу және қаржыландыру тетіктерінің ең тиімді жолдарын көрсетті. Ал қожалық иелері кепілдік қамтамасыз ету және құжат тапсыру бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға толымды жауап алды. Шара соңында, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау бойынша алдағы нақты қадамдар айқындалды.
️