Өңір басшысы кентаулық тұрғындардың мәселесін тыңдады

28
06.08.2026 19:31

Билік бұқараның базынасына дер кезінде  жауап қатты.  Әлеуметтік желіде өз өтінішін жеткізе алмағанын айтқан кентаулық азаматты облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдады. Мәселенің мән-жайына құлақ түрген өңір басшысы,  жауапты сала мамандарымен ақылдаса келіп,  оның шешілу жолдарын түсіндірді. Осылайша, билік пен бұқара арасындағы кері байланысты нақты іспен көрініс тапты.