Түркістан
EN

Сарбаздар дрон басқаруды үйреніп жатыр

Түркістандағы Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды меңгеріп жатыр. Биылдан бастап ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару сабақтары жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізілді. Жаңа бастама сарбаздардың заманауи технологияларды игеріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті дағдыларын жетілдіруге бағытталған. 

Әскери қызметшілер дрондардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін, басқару ережелерін және тактикалық қолдану негіздерін үйренеді. Дайындық барысында әр сарбаз өз міндетіне сәйкес білім алып, кейін жауынгерлік есептоп құрамында бірлесіп әрекет етуге машықтанады. Есептоп құрамында командир, FPV-дрон операторы, оқ-дәрілер жөніндегі маман және барлау операторы бар.

АРШАТ НҰРМАНОВ  ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 5574 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ

Дрондарды мен именно әскери қызметте қажет деп ойламадым. Дронның жауынгерлік мақсатта қалай қолдану керектігін үйрендім. Дрондардың шығу тарихын, олардың қандай түрлері бар екенін, характеристикасын, қандай арақашықтыққа ұша алатынын осы жақта көрсетті. Бізде күн сайын осы дрондармен жаттығу болады. Және тек дрондармен емес, неше түрлі қарулармен жаттығу болады.

Жаңалықтар мұрағаты

Біздің жобалар