Ордабасы ауданында 1000 шақырымнан астам автомобиль жолы бар. Биыл соның 36 шақырымнан астам ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеуге қазынадан 1 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған. Аудандағы инфрақұрылымның жаңару барысы туралы әріптесім баяндайды.