Ғасырлар қойнауына жасырынған құпия көп, бірақ оны аршып, зерттейтін маман жоқ. Қазақстанда археологтар тапшы. Тіпті мемлекеттік білім грантын бөлінсе де, ауыр әрі қызығы мен шыжығы қатар жүретін салаға барғысы келетін жастардың қатары сиреген. Талапкердің жоқтығынан кейбір университеттерде археология факультеттері мен бөлімдер жабылып қалуда. Ал жер астында тұтас бір дәуірдің тарихы жатыр. Оны келер ұрпақ үшін кім зерттейді? Тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.
️