Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты семинар өтті

43
06.08.2026 19:30

Цифрландыру қарқын алған сайын киберқауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Бүгінде интернет-алаяқтары қарапайым азаматтарды ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен ірі компанияларды да нысанаға алған. Сондықтан дербес деректерді қорғау мен цифрлық сауаттылықты арттыру аса маңызды. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Түркістанда өткен ақпараттық қауіпсіздікке арналған республикалық семинарда талқыланды.