Құрылтай сайлауына дайындық қалай?

16
04.08.2026 19:30

Түркістан облысында Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Науқан кезінде  952 учаске қызмет көрсетеді. Бүгінде өңірде 1 миллион 200 мыңнан астам сайлаушы есепке алынған. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан қаласы мен Сауран ауданында төрт жаңа сайлау учаскесі ашылып, алты учаскенің шекарасы кеңейтілді. Сондай-ақ, сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін  31 қоғамдық бірлестік аккредиттелген. Ал, ақпараттық қолдау көрсету мақсатында облыстық «109 – Бірыңғай» Call-орталығы мен сенім телефондары жұмыс істеп тұр.