Шымкентте жақынынан жәбір көріп, жапа шеккендер азаяр емес. Жыл басталғалы полицияның «102» пультіне дәл осы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 4 мыңнан аса қоңырау түскен. Отбасындағы озбырлықты тоқтату үшін тәртіп сақшылары рейдтік шараларды күшейтуге мәжбүр. Өңірдегі ушыққан мәселені тілшіміз тарқатады.
ЗКТ: Кейіпкеріміз түрін көрсетпеуді, атын атамауды өтінді. Себебі, өз құрсағынан шыққан ұлынан таяқ жедім деп жұртқа жариялауға намыстанады. Төрт жыл бойы 40 жастағы перзентінің қорлығына үнсіз төзіп келген ана, ақыры шыдамы шегіне жеткенде тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.
️