Шымкентте шомылуға тыйым салынған айдындарда суға түскен 36 тұрғынға айыппұл салынды. Шаһардағы өзен-каналдарда тексеріс күшейіп, құтқарушылар рейдке шықты. Шомылу маусымы басталғалы ересектердің қарауынсыз қалған екі бүлдіршін суға батып кеткен. Мегаполис аумағындағы екі өзен мен 34 каналдың ішінде тек 3 жерде ғана суға түсуге рұқсат бар. Соған қарамастан, қауіпке бас тігетіндер азаймай тұр. Бақылаушылар баланың қауіпсіздігіне ата-ана тікелей жауапты екенін қатаң ескертеді.
️