Талапқа сай келмеген 9 балабақша жабылды

25
06.08.2026 19:30

Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жабылып, мемлекеттік қаржыландырудан қағылды. Бұл шаһардағы мектепке дейінгі мекемелерге жүргізілген ауқымды тексерістің нәтижесі. Тексеру барысында мамандар 283 балабақшаның жұмысын зерделеп, бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Соның салдарынан ережені бұзған мекемелер мемлекеттік тапсырыс алу құқығынан айырылып отыр. Жалпы, қазіргі таңда Шымкентте 76 мыңнан астам бүлдіршін балабақшамен қамтылған. Ал орын тапшылығын жою үшін жыл соңына дейін жекеменшік балабақшалар есебінен тағы 3 жарым мың жаңа орын ашылмақ.