«Арқалықтың ақ таңы» драмасы көрермен назарына ұсынылды

11
2026-09-11

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Арқалықтың ақ таңы» спектаклі сахналанды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен туған елге адал қызмет ету идеясын арқау еткен драма оқытушылар мен студенттер назарына ұсынылды. Бұл драманың дәл осы білім ордасында сахналануының өзіндік астары бар. Есімі ұлт руханиятымен тығыз байланысты қайраткер Өзбекәлі Жәнібековтің рухына тағзым еткен оқу орнында бүгін отансүйгіштік пен адалдық тақырыптары сахна тілімен өрілді. Спектакльде Арқалық өңірінің тарихы, ел басына түскен тағдырлы сәттер мен халықтың еңсесін көтерген ерекше кезеңдер көрініс тапқан.