«2022-09-07» бойынша іздеу нәтижесі

18 ғасырдың кебежесін сақтаған коллекционер

Түркістанда ұлттық нақыштағы көне жәдігер жинайтын коллекционер тұрады. 15 жылдан бері осы істі кәсіпке айналдырған келіншектің қазір арнайы дүкені де бар.Мұндағы жиналған дүниелердің бірін жәдігерлерді жинаушылар әкелсе, кей бірін қарапайым халық тапсырған. Аядай бөлмеге алуан түрлі тарихты сыйдырған кәсіпкермен тілшіміз тілдесіп келді. 

Мына тұзы шыққан кебеже дүкендегі ең көне зат. 18 ғасырға тиесілі жәдігерді осыдан бірер жыл бұрын қарапайым тұрғын әкеліп тапсырған екен. Содан бері бұл затқа шетелдік қонақтардың сұранысы артқан. Дегенмен, кәсіпкер бұндай көненің көзін шетел асқанын қаламаймын дейді. Керісінше, елімізде қазақы болмысымызды сақтап тұрар осындай дүниелерге арналған мұражай ашылса деген тілегі бар.

ДАНА БЕКТАЕВА - КОЛЛЕКЦИОНЕР - Аударма: Менде Қазақстандағы қолдан жасалған кілемдердің ең үлкен коллекциясы бар. Елімізде осындай көне заттарға сақталатын мұражай ашылса деп армандаймын. Ол ұлттық мұрамызды зерттеуге тың серпіліс беруі тиіс. Себебі, ол халқымыздың бай тарихи мұрасын көрсететін еді. Өсіп келе жатқан жастарға осының бәрін түсіндіріп, таныстыру керек. Себебі біздің халықтың көне заттарға деген көзқарасы мүлдем басқаша. 

Дана Бектаева қазақылыққа бала кезден жаны құмар болғанын айтады. Әжелерінің кілем тоқығанын көріп,ерекше қызығушылық пайда болған.Арнайы кілем тоқудан сабақ та алған.Оның үсітіне жастайынан тарихшы әкесінің қолдауымен талай кітапты тауысып, шежірелерді жатқа оқыпты. Содан болар қазір кәсіпкер әр көне жәдігердегі ою-өрнектер мен белгілерді бірден таниды. Тіпті, кебеже мен сандық бетінде ойылған өрнектерге қарап, ол қай жүздің ұрпақтарына тиесілі екенін көруге болады екен. Мәселен мына кебеженің ортасында күн бейнесі, шетінде жылан тәріздес бейне сызылған. Демек, бұл ұлы жүздерге тән. Ал, егер бұйымның шеті жағалай үкі тәріздес болса, онда орта жүзге тиесілі.

ДАНА БЕКТАЕВА – КОЛЛЕКЦИОНЕР - Ата-бабаларымыз қолданған тұрмыстық заттардың барлығында ою-өрнектердің өзінде терең мағына бар. Ең көнесі 18-і ғасырдан бері келе жатқан көне сандық. Онда күн мен айдахарлар бейнеленген. Оның мағынасын да таптым деп айта аламын. Сандық қазақ халқы үшін ерекше дүние.біз оған төрден орын беріп барлық қымбат заттарымызды сақтаймыз.ортағы күн жаңа күн, яғни өмір жалғасатынын білдіреді.Мұндағы ою-өрнектің мағынасын түсіну үшін , біздің заманымызға дейінгі Мысыр мифологиясын зерделедім. Ол қазақ мәдениетімен ұштасатынына көз жеткіздім. Себебі, тарихи мұрасы бай халықтардың бәріне тән құбылыс. Қазір, бұл деректер ұмытылған немесе жоғалып кеткен деп саналады. 

Коллекционердің қоржынында бүгінде 100-ге жуық сандық пен кебеже түрлі қолдан тоқылған 900-ге тарта төсеніштер атап айтсақ; кілемдер,сырмақтар,киіздер,алашалар бар. Әлемнің бірнеше мемлекетінде тұрған Дана Бектаева біздің ата-бабадан қалған осынша  көне заттардың әр қайсысы тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді дейді.

 

 

"Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры" атты салтанатты жиын өтті

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Түркістанда “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” атты салтанатты жиын өтті. Бас қосуда ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге сеп болатын ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге ұмтылысын арттыру басты назарға алынды.

5 қыркүйек еліміз үшін елеулі күн. Күнтізбеде бұл дата Қазақстанның тілдері күні мерекесі ретінде көрсетілген. Осы орайда рухани шаһарда “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” атты  салтанатты жиын өтті. Оңтүстік өңірдің зиялы қауым өкілдерін тоғыстырған бас қосуда тіл, мәдениет және ұлт болмысы сынды маңызды тақырыптар басты назарға алынды. Мерекелік жиында төбе көрсеткен ел ағалары аталмыш мерекенің орны ерекше екендігін айтады.

Өткізілген шараның берері мол маңызы бөлек. Мерекелі жиын ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ бас қосуда ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге ұмтылысын арттыру басты назарға алынды.

Келелі кешке жиналғандар осы секілді шараның көптеп ұйымдастырылуы қоғам дамуына сеп болатындығын айтады. Сондай-ақ осы сеекілді мәдени бағдарламалар арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялатуға болатындығын жеткізді.

 

Мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып, құмар ойынға жұмсаған

Шымкентте мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып жіберген.  Құмар ойынға салынған 28 жастағы жігіт 150 ноутбук пен 8 компьютерді ломбардқа арзан бағада өткізіп, олжасын букмекерлік кеңселерге салып келіпті. Істі қараған Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешовтің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтары мен мамыр айы аралығында мектептің мүлкін жасырын алып шыға берген қызметкер жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам шығын келтірген.  Ол кейбір компьтерлерді «бұрын қолданыста болған компьютерлер, ұрлықы емес, тек қолданыстан шығарылған мүлік» деп алушысын сендірген.

ЕРКЕБҰЛАН ТӨЛЕШОВ - ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Жайынбаев ҚК 189 баптың 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен кінәлі деп танылды. Яғни сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру деген бап бойынша кінәсін толық мойындады. Шын ниетпен өкінді. Алайда келтірген шығынды қайтарған жоқ. Сол себептен осының бәрін ескере келе сот оған осы баппен 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазір аппеляциялық шағым жазды. 

Айта кетейік білім ұясына пандемия кезінде 400 ден астам ноутбук алынған екен. Соттың дерегінше, сотталған Асанбай Асқаров атындағы 77 мектеп-лицейіне жұмыспен қамту бағларламасы арқылы жіберілген. 2021 жылдың наурызында жабдықтау жөніндегі инженер болып жұмысқа қабылданған. Лицей директоры осыншама компьютердің қолды болғанын оқу жылының соңында мектеп мүлкін түгендеу кезінде кездейсоқ анықтағандарын айтты. Содан бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан. 

ТОЛҚЫН АЮБАЕВА - А. АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ 77 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ - Өзінің сондай жымысқы әрекетін асыра пайдаланып отыр. Ол мемлекеттің мүлкі. Сол себептен оны қазір сот түгелімен қайтаруды талап етіп отырмыз біздер жәбірленуші ретінде. Қайтады. –біреу болсын қайтты ма? –жоқ, қазір қайтарған жоқ.

 

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі жол сапасын тексерді

Жолдардың 87 пайызы жақсы дәрежеде. Бұл шенділердің кезекті есебі. Десе де тұрғындар мұндай статистиканың жалған екенін алға тартады. Себебі Түркістан қаласының өзінде көңіл көншітпейтін көшелер саны жетерлік. Сондықтан жол сапасының жағдайын бағамдау мақсатында «Әділдікті талап ет» науқаны жүргізілуде. Шара 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.  

Мына жолдардың барлығы мынадай жағдайда тұр, Арғы жақ мүлде жүре алмайды. 3 жыл болды ма 2 жыл болды ма осындай жатқанына. Кім айтады дамып жатырмыз облыс деп.

Қиындық машинада жүре алмайсыз. Кешігесіз. Қараңғы болғанда көрінбейді шұңқырлар. Барлығының беті ашық жатыр. 

Дәулет Шералыұлының көлік тізгіндеп жүргеніне бірнеше жылдан асты. Содан бері жол азабын тартып келеді. Себебі қаладағы сапасыз жолдың кесірінен көлігімнің сау тамтығы қалмады дейді.  Бос уақытында такси жүргізушісі болып жүрген ол тапқан артық ақшасы көлік жөндеуден артылмайтынын айтады. 

ДӘУЛЕТ ТӘЖІБЕК – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Біраз болды бұл жолдың мұндай болып жатқанына. Мына жерден былай қарай қазды. Қазылғалы бері жол осы. Көлігіміз бұзыла бастады уже. Үнемі осы жерден жүреміз. Бұл енді үлкен трасса ғой. Үлкен трасса болғаннан кейін жолды ретету керек еді. Акимат па кәмнің мойнында екенін білмедім. Жалпы қазылғаннан кейін әлі дұрыстап жол істелген жоқ.

Науқан аясында Түркістан облысы бойынша 1 жарым мыңнан астам тұрғын хабарласқан. Басқа аймақтардан қарағанда бұл жоғарғы көрсеткіш дейді мамандар. Тұрғындардың жол мәселесіне алаңдайтыны көңіл қуантса, екінші тұрғыдан облыстағы жол сапасының нашар екендігін көрсетеді. Қоғамдық бірлестік өкілі, кейбір мердігерлер әдемі асфальт төсейді. Алайда жұмыс аяқталған соң кәріз жүйесін кіргізетіні немесе су құбыры тартылатыны естеріне түседі дейді. 

АМАНГЕЛДІ ҚАЛЫБЕК – ӘДІЛДІК ЖОЛЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ - Жауапты мекемелермен бейресми сөйлескенімізде мұны істеген облыстық басқарма және оны қалалық бөлім орнына келтіру керек дейді. Бірақ қала айтады. Оны бұзған біз емес қой. Облыс бұзған дейді. Осындай 2 мекемедегі тартыстың кесірінене халық жапа шегіп отыр. 04/36 Әрқайсысының бармақ басты көз қысты деп қарайтын болсақ біз мәдениетті ел боламыз деп айту қиын болады. 

Жалпы Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның. 7,7 шақырымдық 9 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал қалған көшелерде жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Себебі сарқынды су жүйесі тартылуда. Айта кетейік, шаһардағы көшелердің тек 38 пайызына тас жол төселген. 

 

Сауран ауданында жол құрылысын аяқтауға битум жетпей жатыр

Түркістан облысы, Сауран ауданының орталығы Шорнақта бірнеше көшелерде жол салынып жатыр. Тұрғындар «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың ауданға сапары кезінде өтініш жасаған екен. Осылайша, қордаланған мәселе шешімін табуға жақын.

Шорнақ ауылындағы бірнеше көше тұрғындары бірнеше жылдан бері жол азабын тартып келген. Аудан жаңадан құрылғандықтан бұл мәселе ұмыт қалыпты. Дегенмен, аманат партиясының атқарушы хатшысы Шорнақ ауылына жұмыс сапарымен келгенде тұрғындар мұңымен бөлісті. Осылайша, жағдайды партия өз бақылауына алды.

Сәуір айының басында Астанадан Аманат партиясының хатшысы Асхат Омаров келген. Ол кісіге осы көшеде асфальт орнатып беруді, свет, сосын су мәселесін айтқанбыз. Рахмет ол кісіге. Құдай қаласа, өздеріңіз көріп тұрсыздар, басталды. Основаниесін жасап жатыр, арғы көшеде бордюр орнатып жатыр, мынау көшеде де основание жасап жатыр. 

Аудан әкімі Ғани Рысбеков 3-4 көшенің проблемасын бұрыннан білемін дейді. Алайда жаңа құрылған ауданның ол кезде бюджеті дұрыс қалыптасып, қай мәселені бірінші шешу керектігін білмеген кез де болған. Сондықтан, бірте-бірте тұрғындардың шағым-талаптары өз шешімін табады дейді ол.

Бірақ, проблема жоқ емес. Оны тұрғындармен қатар, аудан әкімі де мойындап жатыр. Асфальт төсеуге керек битумның жоқтығы қолбайлау болып тұр екен. Бұл мәселе туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында да айтқан еді. Елімізде бұл мұнай өнімі аз өндірілетіндіктен, Ресей импортына тәуелді. Ал, ресей экспортқа шектеу қойған сыңайлы. 

Тұрғындар әкіммен жиынды пайдаланып, өзге де сұрақтарын қойды. Оларды су, газ секілді мәселелер алаңдатады. Ғани Рысбеков қай мәселенің қашан шешілетінін тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіріп, уәдесін берді.

Битумның жоқтығына қарамастан мердігер компанияның техникасы уақыт жоғалтпау үшін, өзге жұмыстармен де айналысып жатыр. Қазір жүргізіліп жатқан бірнеше көшедегі асфальт төсеу жұмыстары қазан айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда. Одан бөлек, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған замануи жол да пайдалануға берілмек.

 

Облыс әкімі мектеп құрылысына қатысты ескерту берді

Бүгін аймақ басшысы Дархан Сатыбалды апталық аппарат мәжілісін өткізді.  Өзінің алғашқы ресми жиналысында әкім ең бірінші мектеп жетіспеушілігі  мәселесіне баса назар аударды. Биыл пайдалануға берілуі тиіс бірнеше мектептің құрылысы әлі бітпей тұр. Оқушыларға тиісті жағдай жасау аса маңызды екенін айтқан облыс басшысы,  олқылыққа жол берген жауапты орган басшыларына ескерту жасады. Өз міндеттемелерін орындай алмаған құрылыс компанияларымен келісімді бұзу қажет деп атап өтті. Сондай-ақ әкім білім нысандарының құрылысын мұқият бақылауға алуды тапсырды..

Түркістан облысында құрылысы уақытында бітпей тұрған бірнеше мектеп бар. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында салынуы тиіс білім ошақтары. 1-ШІ ҚЫРКҮЙЕКТЕ жаңа мектепке баруы тиіс қанша оқушының үміті ақталмады. Ал, жауапты орган басшылары өз ісіне салғырт қараған. Бұдан былай мұндай кемшілікке жайбарақан қарамаймыз деген әкім, мойнына алған міндеттемесін орындай алмаған мердігерлермен жұмысты тоқтатуды тапсырды. 

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Сіздер қарап шығыңыздар қалыс болып жатқан мектептерді. Қысқа қарай қалып жатқан мектептерді өйткені шынын айтқанда сапасына күмәнім бар. Өңірдегі мектептердің құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін аталған жұмыстарға облыстық адами әлеуетті дамыту аудан,қала әкімдері тікелей жауапты екені ескертілсін. 

Мердігерлерге қатысты өткір сын айтқан облыс әкімі құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау маңызды екенін ескертті. Өйткені қанша оқушы жаңа мектепке баруды армандап жүр Одан өзге, сан қуып кетпей құрылыс сапасына да мән беру қажет.  Қордаланған мәселерді шешуге басқарма басшылары мен, аудан, қала әкімдері тікелей жауапты болады деді әкім.

ТОҚТАР ҮСІПӘЛИЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Биыл Түркістан облысында 59 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 20,7 млрд теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін аталған 59 білім ошағының 21-ін пайдалануға беру жоспарланған болатын.

Бұдан өзге, аймақ басшысы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер мәселесіне де тоқталды.  Балалардың білім алуына жағдай жасау ең маңыздысы. Сондықтан құрылыс жұмыстарынан оқу процессіне кедергі келтірмеуі керек -деді әкім.  Айта кетейік, қазір 32 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жыл соңына дейін олардың жартысы толықтай жөндеуден өткізілетін болады. 

 

Түркістандық еріктілер қостанайлық тұрғындардың үйін салып беруге дайын

Түркістандық еріктілер Қостанайда салынатын жаңа үйлердің кірпішін қалауға дайын. Волентерлар штабына осылай деп ұсыныс тастағандар да бар. Одан бөлек, отты ауыздықтауға атсалысымыз деген үш зейнеткер өрт сөндірушіден ұсыныс түсіпті. Айта кетейік, бір топ жерлесіміз өрттен зардап шеккен аумаққа аттанды. Олар 3-4 күн сонда болып, тұрғындарға қол ұшын созады.  Біріншіден, облыстардан жеткізілген азық түліктер мен заттарды үлестіріп,  халықтың аманатын үйді үйге жетуіне қолғабыс жасайды. Екіншіден, сондағы барынан айрылған тұрғындардың  құжаттарын рәсімдеуге жәрдем бермек. Осылайша қыркүйек айының 10-на дейін сонда болады. Бұған дейін облыстан 4 жүк көлігіне тиелген 72 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілгенін  айтқан болатынбыз. Өзге өңірлерден де көмек келіп жатыр. Сондықтан заттар ысырап болмас үшін, азық-түлік  емес, гигеналық заттар көптеп салыныпты. 

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке қатарынан алынып тасталуы мүмкін

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының  жобасы таныстырылады, деп хабарлады Turkistanzaman BAQ.KZ сілтеме жасап.  

Депутаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға мынадай түзетулер енгізді:- 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу, - делінген заң жобаасының қорытындысында. 

Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның нормаларын басшылыққа ала отырып, заң жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» болып өзгертілді.

 

Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы толық төленеді

Пандемиядан кейін көптеген жұмыс орындары аралас немесе онлайн еңбек режиміне көшті. Ол заңда қалай қарастырылған? Бұл сауалға өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде Алматы қалалық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев жауап беріді, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Еңбек процесін жүзеге асырудың мұндай нысандары қолданыстағы заңнамада қарастырылған, бірақ еңбек кодексінде олар аралас қашықтықтан жұмыс және қашықтан жұмыс деп аталады. Біріктірілген қашықтан жұмыс – жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша да, қашықтан жұмыс істеу арқылы да еңбек міндеттерін орындау кезеңдерінің ауысуы. Қашықтықтағы жұмыс – жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс беруші орналасқан жерден тыс еңбек процесін жүзеге асыру», - деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, қашықтан жұмыс істеу еңбек шартын жасау кезінде де, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де белгіленеді.

«Жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ, оларды орнату және техникалық қызмет көрсету шығындарын көтереді. Өз кезегінде, қызметкер еңбек міндеттерін орындау барысында жабдықтарды, ақпараттандыру объектілерін, байланыс қызметтерін және жұмыс беруші қамтамасыз еткен өзге де құралдарды пайдалануға міндетті», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, қызметкер еңбек міндеттерін орындау үшін өзінің жабдығын, ақпараттандыру объектілерін және өзге де құралдарды пайдаланған, сондай-ақ байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды көтерген жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс берушіге жұмысты орындауға байланысты электр энергиясының құнын қоса алғанда, басқа да негізделген шығыстар өтелуі мүмкін.

«Қашықтан жұмыс істегені үшін еңбекақы еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде көзделген жұмыс көлемін орындаған кезде толық көлемде төленеді», - деді ол.

Ақтөбеде менеджер банк шотынан 777 млн теңге ұрлаған

Аталған іс бойынша Ақтөбенің №2 сотында қаралған іс аяқталды, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.
Банк менеджері алаяқтақ жасағаны үшін айыпталды. Сот кезінде сотталушы кінәсін жартылай мойындады, бірақ шығын көлемімен келіспеді.
Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптама нәтижесімен және қылмыстық істің өзге материалдарымен дәлелденді.
Прокурор менеджерді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар екені ескеріліп, сот оның жазасын жеңілдетті. Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жыл бойы банк саласында қандай да бір қызмет атқару құқығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты