Түркістандықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысымен танысты. «Заң және тәртіп» ашық есік апталығында өткен шарада облыстық департамент өкілдерінен құқықтық кеңес алды. Апталық 23-27 маусым аралығында ұйымдастырылмақ. Жобаның басты мақсаты - құқықтық мәдениетті арттыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу. Сарапшылар бұл бастама қоғам мен мемлекеттік құрылым арасындағы сенімді нығайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мүмкіндігін арттырады деп отыр.
️