Түркістан облысы, Сауран ауданының орталығы Шорнақта бірнеше көшелерде жол салынып жатыр. Тұрғындар «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың ауданға сапары кезінде өтініш жасаған екен. Осылайша, қордаланған мәселе шешімін табуға жақын.
Шорнақ ауылындағы бірнеше көше тұрғындары бірнеше жылдан бері жол азабын тартып келген. Аудан жаңадан құрылғандықтан бұл мәселе ұмыт қалыпты. Дегенмен, аманат партиясының атқарушы хатшысы Шорнақ ауылына жұмыс сапарымен келгенде тұрғындар мұңымен бөлісті. Осылайша, жағдайды партия өз бақылауына алды.
Сәуір айының басында Астанадан Аманат партиясының хатшысы Асхат Омаров келген. Ол кісіге осы көшеде асфальт орнатып беруді, свет, сосын су мәселесін айтқанбыз. Рахмет ол кісіге. Құдай қаласа, өздеріңіз көріп тұрсыздар, басталды. Основаниесін жасап жатыр, арғы көшеде бордюр орнатып жатыр, мынау көшеде де основание жасап жатыр.
Аудан әкімі Ғани Рысбеков 3-4 көшенің проблемасын бұрыннан білемін дейді. Алайда жаңа құрылған ауданның ол кезде бюджеті дұрыс қалыптасып, қай мәселені бірінші шешу керектігін білмеген кез де болған. Сондықтан, бірте-бірте тұрғындардың шағым-талаптары өз шешімін табады дейді ол.
Бірақ, проблема жоқ емес. Оны тұрғындармен қатар, аудан әкімі де мойындап жатыр. Асфальт төсеуге керек битумның жоқтығы қолбайлау болып тұр екен. Бұл мәселе туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында да айтқан еді. Елімізде бұл мұнай өнімі аз өндірілетіндіктен, Ресей импортына тәуелді. Ал, ресей экспортқа шектеу қойған сыңайлы.
Тұрғындар әкіммен жиынды пайдаланып, өзге де сұрақтарын қойды. Оларды су, газ секілді мәселелер алаңдатады. Ғани Рысбеков қай мәселенің қашан шешілетінін тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіріп, уәдесін берді.
Битумның жоқтығына қарамастан мердігер компанияның техникасы уақыт жоғалтпау үшін, өзге жұмыстармен де айналысып жатыр. Қазір жүргізіліп жатқан бірнеше көшедегі асфальт төсеу жұмыстары қазан айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда. Одан бөлек, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған замануи жол да пайдалануға берілмек.
️