Домбыра өнерінің дарабозы

21
03.07.2025 17:52

Түркістан – тек тарихи шаһар ғана емес, өнердің де ордасы. Ұлттық рухты жандандырып, өткеннің үнін бүгінге жеткізіп жүрген домбырашылар да аз емес. Соңғы жылдары аймақта күй өнеріне деген қызығушылық артып, жас орындаушылар саны көбеюде. Солардың бірі- дарынды домбырашы Бауыржан Садыбеков. Ол халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді.