Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алады. Toyota Hilux көлігі жыраға түсіп, өртеніп кетті. Жүргізуші тірідей жанып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Turkistamzaman Stan.kz сілтеме жасап.
6 қыркүйек күні сағат 18:00-де облыстық маңызы бар "Чапаево-Жанғала-Сайхын" автожолының 55-ші шақырымында 49 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмау, жыраға түсіп кетті. Бұдан кейін көлік өртенді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
️