Мақтаның жаңа сортын еккен

14
30.06.2025 20:42

Шардаралық шаруалар биыл мақтаның жаңа сортын өсіріп жатыр. Олар осы жылы қытайлық шитті мақта тұқымын еккен. Мамандардың айтуынша ақ алтынның бұл сорты ағын су тапшылығын сездірмейді екен. Қазір ауданда шаруаларды сапалы әрі сұранысқа сай элиталық шитті мақта егуге ынталандыру ісі жалғасып жатыр.