Түркістан облысындағы аудан басшылары өртке қарсы жұмыстарды уақытылы атқармағаны үшін ескерту алды. Қазір өрттің өршитін шағы. Қауіпті кезең басталғалы Түркістан облысында өртке қарсы жұмыстар күшейді. Мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Нұралхан Көшеров облыс аумағындағы жолдардың бойында минералды жолақ сызу жұмыстарын мамыр айында аяқтауды тапсырған екен, Кейбір аудандар бұл тапсырманы кешіктірген. Жұмысына бей-жай қараған шенділерге енді мұндай олқылық қайталанбасын деген ескерту айтылды.
️