Тоқаев ешқандай партияның құрамында жоқ бола тұра сайлауға қатыса ала ма?

227
07.09.2022 10:25

Президент сайлауына ұсынылатын үміткердің партия мүшесі болуы міндетті емес. Әділет министрі Қанат Мусин Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап. 

"Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысатынын айтты. Оның "Amanat" партиясының құрамында жоқ екені белгілі. Заң бойынша азамат өзін-өзі ұсына алмайды. Сонда ол сайлауға қандай жолмен түседі?" – деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуынша, Президент сайлауына үміткерді саяси партия ұсынуы үшін оның сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. Алдағы президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын өзі мүше емес партиялар да ұсына алады.