Түркістандық еріктілер қостанайлық тұрғындардың үйін салып беруге дайын

214
07.09.2022 05:21

Түркістандық еріктілер Қостанайда салынатын жаңа үйлердің кірпішін қалауға дайын. Волентерлар штабына осылай деп ұсыныс тастағандар да бар. Одан бөлек, отты ауыздықтауға атсалысымыз деген үш зейнеткер өрт сөндірушіден ұсыныс түсіпті. Айта кетейік, бір топ жерлесіміз өрттен зардап шеккен аумаққа аттанды. Олар 3-4 күн сонда болып, тұрғындарға қол ұшын созады.  Біріншіден, облыстардан жеткізілген азық түліктер мен заттарды үлестіріп,  халықтың аманатын үйді үйге жетуіне қолғабыс жасайды. Екіншіден, сондағы барынан айрылған тұрғындардың  құжаттарын рәсімдеуге жәрдем бермек. Осылайша қыркүйек айының 10-на дейін сонда болады. Бұған дейін облыстан 4 жүк көлігіне тиелген 72 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілгенін  айтқан болатынбыз. Өзге өңірлерден де көмек келіп жатыр. Сондықтан заттар ысырап болмас үшін, азық-түлік  емес, гигеналық заттар көптеп салыныпты.