Мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып, құмар ойынға жұмсаған

176
07.09.2022 04:47

Шымкентте мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып жіберген.  Құмар ойынға салынған 28 жастағы жігіт 150 ноутбук пен 8 компьютерді ломбардқа арзан бағада өткізіп, олжасын букмекерлік кеңселерге салып келіпті. Істі қараған Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешовтің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтары мен мамыр айы аралығында мектептің мүлкін жасырын алып шыға берген қызметкер жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам шығын келтірген.  Ол кейбір компьтерлерді «бұрын қолданыста болған компьютерлер, ұрлықы емес, тек қолданыстан шығарылған мүлік» деп алушысын сендірген.

ЕРКЕБҰЛАН ТӨЛЕШОВ - ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Жайынбаев ҚК 189 баптың 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен кінәлі деп танылды. Яғни сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру деген бап бойынша кінәсін толық мойындады. Шын ниетпен өкінді. Алайда келтірген шығынды қайтарған жоқ. Сол себептен осының бәрін ескере келе сот оған осы баппен 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазір аппеляциялық шағым жазды. 

Айта кетейік білім ұясына пандемия кезінде 400 ден астам ноутбук алынған екен. Соттың дерегінше, сотталған Асанбай Асқаров атындағы 77 мектеп-лицейіне жұмыспен қамту бағларламасы арқылы жіберілген. 2021 жылдың наурызында жабдықтау жөніндегі инженер болып жұмысқа қабылданған. Лицей директоры осыншама компьютердің қолды болғанын оқу жылының соңында мектеп мүлкін түгендеу кезінде кездейсоқ анықтағандарын айтты. Содан бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан. 

ТОЛҚЫН АЮБАЕВА - А. АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ 77 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ - Өзінің сондай жымысқы әрекетін асыра пайдаланып отыр. Ол мемлекеттің мүлкі. Сол себептен оны қазір сот түгелімен қайтаруды талап етіп отырмыз біздер жәбірленуші ретінде. Қайтады. –біреу болсын қайтты ма? –жоқ, қазір қайтарған жоқ.