MMA файтері Арман Оспанов экологиялық сенбілікке қатысты

42
27.06.2025 20:14

Әлемдік ареналарда ел абыройын асқақтатқан MMA файтері Арман Оспанов экологиялық сенбілікке қатысып, туған жерін тазалауға атсалысты. Тазалық шарасы Төлеби ауданының Біркөлік аймағында өтті. Акцияға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 100-ден астам мемлекеттік қызметші мен жергілікті тұрғындар қатысып, 12 шақырым аумақты тазалады. Қоқыстар арнайы 6 техниканың көмегімен белгіленген орындарға жеткізілді. Сенбілік барысында демалыс орындары, өзен жағалаулары мен жол жиегі тазартылды. Арман Оспанов пен аудан басшысы табиғатты аялаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай шаралардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.