Қызметкердің құқығы қорғалды

74
27.06.2025 19:14

Түркістан қаласында Цифрландыру және архивтер басқармасының бас маманы еңбек демалысын ала алмай, мемлекеттік қызмет істер агенттігіне жүгінуге мәжбүр болған. Арыз негізінде департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жұмыс берушінің әрекетінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады. Нәтижесінде мемлекеттік қызметкерге еңбек демалысы заңға сәйкес қайта рәсімделіп, толық берілуі қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілерді қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға, ал қызметкерлерді өз құқықтарын білуге және қажет жағдайда тиісті органдарға жүгінуден қорықпауға шақырды.