Бүгін аймақ басшысы Дархан Сатыбалды апталық аппарат мәжілісін өткізді. Өзінің алғашқы ресми жиналысында әкім ең бірінші мектеп жетіспеушілігі мәселесіне баса назар аударды. Биыл пайдалануға берілуі тиіс бірнеше мектептің құрылысы әлі бітпей тұр. Оқушыларға тиісті жағдай жасау аса маңызды екенін айтқан облыс басшысы, олқылыққа жол берген жауапты орган басшыларына ескерту жасады. Өз міндеттемелерін орындай алмаған құрылыс компанияларымен келісімді бұзу қажет деп атап өтті. Сондай-ақ әкім білім нысандарының құрылысын мұқият бақылауға алуды тапсырды..
Түркістан облысында құрылысы уақытында бітпей тұрған бірнеше мектеп бар. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында салынуы тиіс білім ошақтары. 1-ШІ ҚЫРКҮЙЕКТЕ жаңа мектепке баруы тиіс қанша оқушының үміті ақталмады. Ал, жауапты орган басшылары өз ісіне салғырт қараған. Бұдан былай мұндай кемшілікке жайбарақан қарамаймыз деген әкім, мойнына алған міндеттемесін орындай алмаған мердігерлермен жұмысты тоқтатуды тапсырды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Сіздер қарап шығыңыздар қалыс болып жатқан мектептерді. Қысқа қарай қалып жатқан мектептерді өйткені шынын айтқанда сапасына күмәнім бар. Өңірдегі мектептердің құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, білім саласындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін аталған жұмыстарға облыстық адами әлеуетті дамыту аудан,қала әкімдері тікелей жауапты екені ескертілсін.
Мердігерлерге қатысты өткір сын айтқан облыс әкімі құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау маңызды екенін ескертті. Өйткені қанша оқушы жаңа мектепке баруды армандап жүр Одан өзге, сан қуып кетпей құрылыс сапасына да мән беру қажет. Қордаланған мәселерді шешуге басқарма басшылары мен, аудан, қала әкімдері тікелей жауапты болады деді әкім.
ТОҚТАР ҮСІПӘЛИЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Биыл Түркістан облысында 59 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 20,7 млрд теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін аталған 59 білім ошағының 21-ін пайдалануға беру жоспарланған болатын.
Бұдан өзге, аймақ басшысы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер мәселесіне де тоқталды. Балалардың білім алуына жағдай жасау ең маңыздысы. Сондықтан құрылыс жұмыстарынан оқу процессіне кедергі келтірмеуі керек -деді әкім. Айта кетейік, қазір 32 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жыл соңына дейін олардың жартысы толықтай жөндеуден өткізілетін болады.
️