Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Түркістанда “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” атты салтанатты жиын өтті. Бас қосуда ана тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге сеп болатын ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге ұмтылысын арттыру басты назарға алынды.
5 қыркүйек еліміз үшін елеулі күн. Күнтізбеде бұл дата Қазақстанның тілдері күні мерекесі ретінде көрсетілген. Осы орайда рухани шаһарда “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” атты салтанатты жиын өтті. Оңтүстік өңірдің зиялы қауым өкілдерін тоғыстырған бас қосуда тіл, мәдениет және ұлт болмысы сынды маңызды тақырыптар басты назарға алынды. Мерекелік жиында төбе көрсеткен ел ағалары аталмыш мерекенің орны ерекше екендігін айтады.
Өткізілген шараның берері мол маңызы бөлек. Мерекелі жиын ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ бас қосуда ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге ұмтылысын арттыру басты назарға алынды.
Келелі кешке жиналғандар осы секілді шараның көптеп ұйымдастырылуы қоғам дамуына сеп болатындығын айтады. Сондай-ақ осы сеекілді мәдени бағдарламалар арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялатуға болатындығын жеткізді.
️