Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

51
26.06.2025 20:29

Күрмеулі мәселелердің шешімін іздеп құзырлы орган өкілдерімен жүздесті. Созақ ауданында заң мен тәртіп түсінігін нәсихаттауға арналған жиын өтті. Шара қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың заңға деген құрметін күшейтуге бағытталған. Оның соңы қоғамдық қабылдауға ұласты. Арызын арқалап келгендер мәселелердің шешу жолдарын талқылап, мамандардан кеңес алды. Әсіресе жер мәселесі, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына байланысты сауалдар көп болды.