18 ғасырдың кебежесін сақтаған коллекционер

397
07.09.2022 04:33

Түркістанда ұлттық нақыштағы көне жәдігер жинайтын коллекционер тұрады. 15 жылдан бері осы істі кәсіпке айналдырған келіншектің қазір арнайы дүкені де бар.Мұндағы жиналған дүниелердің бірін жәдігерлерді жинаушылар әкелсе, кей бірін қарапайым халық тапсырған. Аядай бөлмеге алуан түрлі тарихты сыйдырған кәсіпкермен тілшіміз тілдесіп келді. 

Мына тұзы шыққан кебеже дүкендегі ең көне зат. 18 ғасырға тиесілі жәдігерді осыдан бірер жыл бұрын қарапайым тұрғын әкеліп тапсырған екен. Содан бері бұл затқа шетелдік қонақтардың сұранысы артқан. Дегенмен, кәсіпкер бұндай көненің көзін шетел асқанын қаламаймын дейді. Керісінше, елімізде қазақы болмысымызды сақтап тұрар осындай дүниелерге арналған мұражай ашылса деген тілегі бар.

ДАНА БЕКТАЕВА - КОЛЛЕКЦИОНЕР - Аударма: Менде Қазақстандағы қолдан жасалған кілемдердің ең үлкен коллекциясы бар. Елімізде осындай көне заттарға сақталатын мұражай ашылса деп армандаймын. Ол ұлттық мұрамызды зерттеуге тың серпіліс беруі тиіс. Себебі, ол халқымыздың бай тарихи мұрасын көрсететін еді. Өсіп келе жатқан жастарға осының бәрін түсіндіріп, таныстыру керек. Себебі біздің халықтың көне заттарға деген көзқарасы мүлдем басқаша. 

Дана Бектаева қазақылыққа бала кезден жаны құмар болғанын айтады. Әжелерінің кілем тоқығанын көріп,ерекше қызығушылық пайда болған.Арнайы кілем тоқудан сабақ та алған.Оның үсітіне жастайынан тарихшы әкесінің қолдауымен талай кітапты тауысып, шежірелерді жатқа оқыпты. Содан болар қазір кәсіпкер әр көне жәдігердегі ою-өрнектер мен белгілерді бірден таниды. Тіпті, кебеже мен сандық бетінде ойылған өрнектерге қарап, ол қай жүздің ұрпақтарына тиесілі екенін көруге болады екен. Мәселен мына кебеженің ортасында күн бейнесі, шетінде жылан тәріздес бейне сызылған. Демек, бұл ұлы жүздерге тән. Ал, егер бұйымның шеті жағалай үкі тәріздес болса, онда орта жүзге тиесілі.

ДАНА БЕКТАЕВА – КОЛЛЕКЦИОНЕР - Ата-бабаларымыз қолданған тұрмыстық заттардың барлығында ою-өрнектердің өзінде терең мағына бар. Ең көнесі 18-і ғасырдан бері келе жатқан көне сандық. Онда күн мен айдахарлар бейнеленген. Оның мағынасын да таптым деп айта аламын. Сандық қазақ халқы үшін ерекше дүние.біз оған төрден орын беріп барлық қымбат заттарымызды сақтаймыз.ортағы күн жаңа күн, яғни өмір жалғасатынын білдіреді.Мұндағы ою-өрнектің мағынасын түсіну үшін , біздің заманымызға дейінгі Мысыр мифологиясын зерделедім. Ол қазақ мәдениетімен ұштасатынына көз жеткіздім. Себебі, тарихи мұрасы бай халықтардың бәріне тән құбылыс. Қазір, бұл деректер ұмытылған немесе жоғалып кеткен деп саналады. 

Коллекционердің қоржынында бүгінде 100-ге жуық сандық пен кебеже түрлі қолдан тоқылған 900-ге тарта төсеніштер атап айтсақ; кілемдер,сырмақтар,киіздер,алашалар бар. Әлемнің бірнеше мемлекетінде тұрған Дана Бектаева біздің ата-бабадан қалған осынша  көне заттардың әр қайсысы тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді дейді.