Жолдардың 87 пайызы жақсы дәрежеде. Бұл шенділердің кезекті есебі. Десе де тұрғындар мұндай статистиканың жалған екенін алға тартады. Себебі Түркістан қаласының өзінде көңіл көншітпейтін көшелер саны жетерлік. Сондықтан жол сапасының жағдайын бағамдау мақсатында «Әділдікті талап ет» науқаны жүргізілуде. Шара 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Мына жолдардың барлығы мынадай жағдайда тұр, Арғы жақ мүлде жүре алмайды. 3 жыл болды ма 2 жыл болды ма осындай жатқанына. Кім айтады дамып жатырмыз облыс деп.
Қиындық машинада жүре алмайсыз. Кешігесіз. Қараңғы болғанда көрінбейді шұңқырлар. Барлығының беті ашық жатыр.
Дәулет Шералыұлының көлік тізгіндеп жүргеніне бірнеше жылдан асты. Содан бері жол азабын тартып келеді. Себебі қаладағы сапасыз жолдың кесірінен көлігімнің сау тамтығы қалмады дейді. Бос уақытында такси жүргізушісі болып жүрген ол тапқан артық ақшасы көлік жөндеуден артылмайтынын айтады.
ДӘУЛЕТ ТӘЖІБЕК – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Біраз болды бұл жолдың мұндай болып жатқанына. Мына жерден былай қарай қазды. Қазылғалы бері жол осы. Көлігіміз бұзыла бастады уже. Үнемі осы жерден жүреміз. Бұл енді үлкен трасса ғой. Үлкен трасса болғаннан кейін жолды ретету керек еді. Акимат па кәмнің мойнында екенін білмедім. Жалпы қазылғаннан кейін әлі дұрыстап жол істелген жоқ.
Науқан аясында Түркістан облысы бойынша 1 жарым мыңнан астам тұрғын хабарласқан. Басқа аймақтардан қарағанда бұл жоғарғы көрсеткіш дейді мамандар. Тұрғындардың жол мәселесіне алаңдайтыны көңіл қуантса, екінші тұрғыдан облыстағы жол сапасының нашар екендігін көрсетеді. Қоғамдық бірлестік өкілі, кейбір мердігерлер әдемі асфальт төсейді. Алайда жұмыс аяқталған соң кәріз жүйесін кіргізетіні немесе су құбыры тартылатыны естеріне түседі дейді.
АМАНГЕЛДІ ҚАЛЫБЕК – ӘДІЛДІК ЖОЛЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ - Жауапты мекемелермен бейресми сөйлескенімізде мұны істеген облыстық басқарма және оны қалалық бөлім орнына келтіру керек дейді. Бірақ қала айтады. Оны бұзған біз емес қой. Облыс бұзған дейді. Осындай 2 мекемедегі тартыстың кесірінене халық жапа шегіп отыр. 04/36 Әрқайсысының бармақ басты көз қысты деп қарайтын болсақ біз мәдениетті ел боламыз деп айту қиын болады.
Жалпы Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Биыл оның. 7,7 шақырымдық 9 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал қалған көшелерде жөндеу жұмыстары тоқтап тұр. Себебі сарқынды су жүйесі тартылуда. Айта кетейік, шаһардағы көшелердің тек 38 пайызына тас жол төселген.
️