Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

210
07.09.2022 10:54

Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды, деп хабаралайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады», - делінген полиция мәліметінде.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.

«Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», - деді полициядан.