Оқу-жаттығу жиыны өтті
Үндістаннан келген Р. Есімді азаматтың дене қызуы көтеріліп, басы ауырды. Тіпті құсуға дейін барған. Себебі жолаушы қауіпті тырысқақ ауруымен ауырады. Дерттің таралуынан сақтану үшін барлық құзырлы мекемеге хабар таратылды. Бұл - өмірде емес, оқу жаттығу жыйынындағы жағдай. Бүгін Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастырылуымен Түркістан қаласының темір жол вокзалына «Павлодар-Түркістан» бағытында келетін №45 жолаушылар поезында тырысқақ ауруының таралуын болдырмау шараларын кушейту жөнінде оқу жатығу өтті. Шараның мақсаты - аса қауіпті аурулардың алдын алу, күдікті науқастың ошағын тиімді жою, санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу дайындығын пысықтау.