Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төнді

54
10.05.2024 16:45

Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төнді. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлімдеді. Судың деңгейі Индербор кентінде 10, Махамбет ауылында 9 метрден асқан. Қазіргі таңда Қызылорда облысы Төтенше Жағдайлар Департаментінің күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.