Түркістан
EN

«Набат» операциясы фильмі көрсетілді

390
17.05.2024

Түркістанда «Набат операциясы» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарып отыр. Көрсетілімге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы департаментінің басшылығы, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты. 

 

«Набат операциясы» драмалық экшн-фильмі тұрымтай тұсымен кеткен тоқырау жылдардағы шынайы оқиғаны баяндайды. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алады. Осыдан кейін дереу құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері адамдарды құтқаруға жіберіледі. Қылмыскерлермен келіссөздерді сол кезде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының бастығы полковник Михаил Дәуенов, ал жедел штабты Қадыржан Қарабаев басқарған еді.