«RoboZerde – 2024» республикалық робототехника фестивалі өтті

158
13.05.2024 16:40

«RoboZerde – 2024» республикалық робототехника фестивалі өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Астанада алғаш рет өткен республикалық сайыстың мақсаты өмірден ерте озған дарынды оқушы, робототехника саласы бойынша  халықаралық жеңімпаз, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ету. Сол арқылы ел Президентінің тапсырмасына сәйкестехник мамандарды дайындауға қолдау көрсету.