Соңғы жылдары түрлі себеппен Оңтүстік Кореяға кетіп жатқан қазақстандықтардың саны көбейген. Бұл елде нәпақа табуды көздеген жерлестеріміз емделуге және саяхаттауға барғандарға қарағанда анағұрлым көп. Дегенмен жат елге барып қара жұмыс істемей, жеке кәсіп ашқан отандастарымыз да бар.
Тараздық Дидар Ысқақов Оңтүстік Кореяға осыдан 7 жыл бұрын барған. Бастапқыда түрлі завод фабрикалар да жұмыс істеген ол бүгінде Оңтүстік Кореядан елімізге көлік тасымалдайтын кәсіпкерге айналған.