Спорт залына Нәлібай Дәрібаевтың аты берілді

104
14.05.2024 17:11

Түркістандық спорт жанашыры Нәлібай Дәрібаев қанша чемпионның жеңіске жетуіне ықпал етті. Бірнеше кәсіби спорттық командаларды қаржыландырып өңірлік спорттың дамуына ат салысты. Осыдан тура елу жыл бұрын өзі түлеп ұшқан мектебінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізді. Жерлестерінің алғысына бөлінген жанға ресми түрде Айтжанов мектебінің спорт залына Нәлібай Дәрібаевтың аты берілді. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, замандастары өз естеліктерімен бөлісті.