Әкімдер қарызданып қалмаудың жолын үйренуде

50
13.05.2024 16:35

Түркістанда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ауылдық округ әкімдерін оқыту жұмыстары басталды. Жоспар бойынша алдымен облыс орталығына жақын орналасқан елдімекендердің әкімдері қаржылық сауаттылық курстарынан өтпек. 3 күн бойы оларға жобаның ауыл тұрғындары үшін несімен маңызды екені түсіндіріліп, халықтың қарыздан құтылуына, қаржы жинауға дағдылануына өз үлестерін қосу мүмкіндіктері айтылады.