Шымбұлақ шыңына шыққан туристер құтқарылды

38
10.05.2024 16:46

Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке көмек көрсетілді. 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң олардың бірінің халі нашарлап, төменге өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде жетіп, туристерді қауіпсіз жерге алып түсті.  Алғашқы көмек көрсетіп, медициналық орталыққа жеткізді.