Түркістан облысындағы ауылдарда медицина мамандары жетіспейді

391
14.05.2024 22:11

Түркістан облысында 49 медициналық-санитариялық нысан салынатын болды. Ауыл аймақтарда алғашқы көмек көрсетуге бағытталған мекемелердің құрылысы биыл басталады. Сала мамандарының айтуынша озық жабдықтар мен емдеудің заманауи әдІстері ауыл халқының денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар жастардың медицина мамандығына қызығушылығын оятуға серпін береді.