Жазғы лагерлерде 45 мыңға жуық оқушы демалады

124
14.05.2024 17:09

 Алдағы жазда түркістандық 45 мың бала жазғы лагерьде тегін демалады. Қазір аймақта 22 сауықтыру орны оқушыларға сапалы демалыс сыйлауға дайындық үстінде. Оның 7-уі-мемлекеттік, 15-і жеке меншік. Лагерьдегі балалардың  қауіпсіздігі облыстық білім басқармасының тікелей бақылауында болмақ. Мекеме оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыруға 427 млн теңге бөліп, түрлі бағытта 83 іс-шара өткізіледі. Биылғы ерекшеліктің бірі аймақта этнолагерьлер ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық қалалық бүлдіршін ауыл тіршілігімен танысады.