«Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс»
«Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс». Кентау қалалық ардагерлер ұйымы жанындағы «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» осындай атаумен жиын өткізді. Шараның негізгі мақсаты аға буын өкілдерінің өскелең ұрпаққа тәрбие беру бағытындағы жұмыстарын саралау. Оған қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектептердегі «Әкелер мектебі» мен ата-аналар комитетінің төрағалары, әлеуметтанушы-психологтар қатысты. Әрқайсы жастардың жарқын болашағы мақсатында атқарып жатқан істері жайлы баяндады.