Түркі елдерінің үздік рестовраторлары мен тарихшылары Түркістанда. 6 мемлекеттен келген сарапшылар тобы Қазақстандық әріптестерімен кездесіп, тәжірибе алмасуда. Халықаралық симпозиумда тарихи жәдігерлерді зерттеу, сақтау және реставрациялау әдістері талқыланды. Симпозиумның негізгі мақсаты - Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау. Сәулет және реставрация саласындағы шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу.