Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

13
10.06.2025 14:53

Елімізде 4 күн бойы өткізілген арнайы шара кезінде 40 қару қоймасы анықталды. Заңсыз айналымнан 400 қару, 2 жарым мыңнан астам оқ-дәрі, 6 жарылғыш зат алынды. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару мен полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді. Оның ішінде 2 Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, каскалар мен қалқандар бар. 87 тұрғын қолдарында бар қаруды өз еркімен тапсырды.