Тау баурайында поэзия кеші өтті

54
29.05.2025 15:35

Түркістан облысындағы тау баурайында поэзия кеші өтті. Сауран ауданында болған әдеби кешті «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған. Оның барысында облыстық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Кешке зиялы қауым мен жас қаламгерлер қатысты. Олардың арасында жазушы Бекжігіт Сердәлі, Айдар Сейдазым, Сайлаухан Жоланов сынды танымал есімдер бар. Іс-шара поэзияны дәріптеп, жастардың шығармашылығына қолдау көрсетуге бағытталған.