«Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі турнирі өтті

20
16.05.2025 20:51

Шардара ауданында қазақ күресінен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің дәстүрлі турнирі өтті. Бозкілемдегі бәсеке биыл 62-ші рет ұйымдастырылды. Дүбірлі додада өңірдің түкпір-түкпірінен ең мықты 100-ден астам спортшы өзара күш сынасты. Балуандар алдымен салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтады. Жалпы жарысқа қатысқан 106 балуан арасынан шардаралық Шамшидинов Қайсар озып шығып, түйе палуан атанды. Оған жеңімпаз ретінде бас бәйге -  автокөлік мінгізілді.