Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

31
27.05.2025 16:58

Алматыда Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды. Жарысқа Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ираннан келген 10 команда бар. Сайыста 200-ден астам былғары қолғап шебері 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ал, әділ қазылар алқасы Біріккен Араб Әмірліктері мен Ираннан жасақталған. Турнир 30 мамырға дейін жалғасады. Турнир чемпиондарына спорт шебері атағы беріледі.